Жастары белсенді елдің болашағы жарқын

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов Қостанай облысына жұмыс сапарымен келіп, өңірдің белсенді жастарымен кездесті. Сонымен қатар «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан объектілердің құрылыс жұмыстарымен танысты.IMG_6382
Партияның облыстық филиалында өткен кездесуге облысымыздың ең белсенді деген бетке ұстар жастары қатысты. Олардың арасында жұмысшы, кәсіпкер, студент, спортшы, шығармашыл жастар бар. Қатысушылардың әрқайсысы өз салалары бойынша ой-пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын да ортаға салды.  Алғаш болып сөз бастаған «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының жетекшісі Ерлан Төлетаев Қостанайдағы «жас отандықтардың» жұмысы туралы баяндады. IMG_6399
-Облысымызда «Жас Отан» жастар қанатының 16 аудандық және төрт қалалық филиалы бар. Өңіріміздің белсенді жастары мемлекеттік басым бағыттарды жүзеге асыруға үлес қосуда. «Жас Отанның» белсендісі Мирас Адамбаевтың қайырымдылық жобасын ерекше мақтанышпен айтуға болатындай. Жоба «Хелпер-бокс» деп аталады. Оның мақсаты  киім-кешек жинап, жағдайы төмен адамдарға таратып беру. Осылайша жастарды қайырымдылық шарасына тартудамыз.IMG_6413
«Қайырымдылық жәшігі» қаламыздағы орталық универмагқа (ЦУМ) орнатылған. Еріктілер аптасына екі рет жиналып «Қайырымдылық жәшігіне» жиналған киім-кешекті мұқтаж жандарға апарып береді,-деді«Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының жетекшісі Ерлан Төлетаев. 
Партия төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов Қостанайдағы «Қайырымдылық жәшігі» жобасына ұқсас шара Астана қаласында да жүзеге асатындығын айтты.
«Мұндай қайырымдылық шарасын республиканың аумағында кеңінен насихаттау ойда бар. Киім-кешек жинау үшін жәшік орнатумен шектелмей, арнайы нысан белгілеу керек. Әкімдіктің ұсынған тізіміне сәйкес, киім-кешекті мұқтаж жандарға тарататын боламыз.IMG_6386
«Жас Отан» бұқаралық іс-шараларға қатысып, арзан пиар жасаудың қажеті шамалы. Акция, флеш-мобтармен шектелуге болмайды. Жастар тың идеяларымен, ерекше бастамаларымен партияның басшылығына, аға буынға көмектесуі керек.»  
Руханият саласы туралы ой-пікірімен бөліскен жас журналист Жансая Қожахметова өзінің ұсынысын да ортаға салды. IMG_6429
«Рухсыз, имандылықсыз, мәдениетсіз алға жылжу мүмкін емес. Сөздің шындығы керек, еліміздегі телеарналарда ұлттық құндылықтарымызды, мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді жаңғыртып, насихаттайтын бағдарламалар бірең-сараң. Оның өзінде жас толқынды баурап алатын заманауи бағдарламалар аз.   Орталықтандырылған республикалық телеарналарда жастар көретін мағыналы бағдарламалар көп болса деген ұсынысым бар.» 
-Жастар  біздің болашағымыз. Олардың қандай тәрбие алып жатқаны бәріміз үшін маңызды. Сондықтан ұлттық құндылықтарымызды насихаттауда ұрпақ сабақтастығына баса көңіл бөлу керек. Мемлекет басшысының «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мінекей осының бәрі «Жас Отанның» ұстанатын негізгі бағыты болмақ. Жастардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру жұмыстары күнделікті жүзеге асуы тиіс. «Жастар  Отанға!», «Сәтті қадам» сияқты жобалар патриотизмнің бастауы,-деді Партия төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов.
Кездесуде жас депутат Татьяна Антонинова ауылдарда жастар ұйымдарын дамытуды ұсынды. Себебі жыл өткен сайын ауыл жастарының белсенділігі төмендеп барады. ҮЕҰ-дар мемлекеттік саясатты насихаттау мақсатында жұмыс істейтінін ескерсек, аудандарда жастар қозғалысын дамыту маңызды. IMG_6395
-Елбасы «Жас Отан» ЖҚ-ның I съезінде жастарға үлкен сенім білдірген болатын. Жас толқынның білім алуына, жұмыс істеп, тұрғын үймен қамтылуына  арналған әртүрлі әлеуметтік бағдарламалар бар. Десек те, жұмысшы жастардың мәртебесі тасада қалып қояды. Бұл мәселені шешу мақсатында облыстағы ірі кәсіпорындарда жастар комитеттері құрылды,-деді «Нұр Отан» партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Әлия Сапарова. 
Осы орайда «Қазақтелеком» АҚ Қостанай ОТД өкілі «Марат Сандыбаев «Жас телеком» жастар қанатының жұмысымен таныстырды. Сонымен қатар  жастарды шағын және орта бизнеске тарту, білім-ғылым үйренуге баулу туралы да сөз болды.
-Мамандық таңдауда түсіндіру жұмыстары төмен. Жастардың бәрі шетінен заңгер, қаржыгер болғысы келеді. Ауылға қажетті мамандарды даярлауға үлес қоссақ, еліміздің экономикасына тың серпін болар еді. Әлемдік заманауи озық технологияларға деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру керек. Заманауи технологияны игеру бүгінгі күннің талабы,-деді  партия төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов. IMG_6409
Кездесу соңында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов, партияның Қостанай облыстық филиалының төрағасы, өңір басшысы Архимед Мұхамбетов және партияның ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Әлия Сапарова жастармен бірге естелік суретке түсті. 
Жастармен болған жүздесуден соң Асқар Мырзахметов Ғ.Қайырбеков көшесінде бой көтеріп жатқан тұрғын үйдің құрылысын барып көрді. Аталған нысан «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатыр. "Сарбайское СМУ" ЖШС директоры Сергей Меньшиковтың айтуынша, бес қабатты, отыз пәтерлі үйдің құрылысы алдағы жеклтоқсан айында аяқталмақ. ТIMG_6451ұрғын үйдің он бес пәтері үш бөлмелі, бес пәтері екі бөлмелі, ал қалған он пәтер бір бөлмелі. Асқар Мырзахметов бір бөлмелі пәтерлердің санын көбейту керектігін айтты. Қолайлы жағдай жасау арқылы жас отбасыларды баспаналы болуына мүмкіндіктерін арттырамыз.  
 
Қымбат Досжанова
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓