Газетіміз зор марапатқа ие!
Қазақ хандығының 550 жылдық тойы қарсаңында өңіріміздің дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматтар мерейтойлық медальдармен марапатталды.
Елдігімізді дәріптеп, өткен тарихтан терең сыр шерткен мақалаларды үзбей жариялап келе жатқан өңіріміздегі баспасөздің қарашаңырағының еңбегі ерекше бағаланып отыр. Газетіміздің бас редакторы, Қазақстанның құрметті жорналшысы Жанұзақ Аязбеков пен бас редактордың орынбасары, жазушы-журналист, Қостанай қаласының құрметті азаматы Сәлім Меңдібай, газетіміздің тілшісі, жазушы-журналист, Қазақстанның құрметті жорналшысы Хамитбек Мұсабаев осындай жоғары марапатқа ие болды.
Айта кету керек, мерейтойлық медальға Қостанай облысынан 54 адам ұсынылған екен. Олар – өңірдің көркеюіне қолтаңба қалдырған түрлі саланың мамандары.
Қыдырбек ҚИЫСҚАН
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ