Учаскелік инспекторлар алдын алу шарасын өткізуде

Облыста полицияның учаскелік инспекторлары "Участок" жедел-алдын алу шарасының барысында өздеріне бекітілген аудандарда пәтерлер мен үйлерді аралады. Мақсатты шараға ОІІД жеке құрамы қатыстырылып, екі-үш қызметкерден арнаулы топтар құрылды. Екі айдың ішінде тәртіп сақшылары 3635 жалдамалы пәтерді тексеріп, тұрғын үйді салық органында тіркеместен жалға берудің 572 фактісін анықтады. Белгілі бір тұрағы жоқ бір мың адам ұсталды, 562 жасөспірімнің қайыршылық пен кезбелікке салынғаны анықталып, 27 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іс-шара кезінде есепте тұрған 26 мың адам тексерілді. 12089 атыс қаруының  иесі тексеріліп, қаруды сақтау ережесін бұзудың 180, қаруды тіркеу мерзімін бұзудың 76 фактісі анықталып, тіркеуге қойылмаған 28 қару тәркіленді. Іздеудегі 75 қылмыскер мен із-түзсіз жоғалған 80 адам іздеп табылды. Жедел-алдын алу шарасы 1 желтоқсанға дейін жалғасады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓