“Кіл жүйрікте кім жүйрік?”

Айбек"НұрОтан" партиясы мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен "Шырайлы, шежірелі құтты мекен" атты республикалық ақындар айтысында айтыскер ақын А. Қалиев бас жүлдені иеленіп келді.
 Айтыс аламанында ат оздырған Айбек ақын осы ай-тыстың алдында ғана бауырлас қырғыз елінің атақты ыршысы "Тоқтағұлдың 150 жылдығына" орай Бішкек қаласында өткен Халықаралық ай- тыста да бірінші орын иеленіп еліміздің абыройын асқақтатқан болатын.  
Жыл басынан бері "Нұр-Отан" партиясының еліміздің әр өңірінде өткізіп келе жатқан кезекті іріктеу сайысында жерлесіміз он ақыннан озық шықты.
Енді ол алдағы Тәуелсіздік күніне орай өтетін "Алтын домбыра" ақтық додасында өзі сияқты шашасына шаң жұқтырмаған кіл жүйріктермен бірге өнер көрсетеді.
                          Мұрат
       ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓