Мақсат – салауатты өмірге баулу

Жыл сайын әлемде орта есеппен алғанда 3 млн. астам адам спирттік ішімдікті мөлшерден тыс тұтынудың салдарынан көз жұмады екен. Қазіргі таңда ащы суды тек ересектер ғана емес, жасөспірімдердің де тұтынатыны жасырын емес. Олардың бойын осындай зиянды әдеттерден сақтандыру мақсатында облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының мамандары қаламыздағы балалар үйінде болды. Орталық мамандары жасөспірімдерге зиянды әдеттер туралы айтып қана қоймай, түрлі сайыстар өткізіп, белсенділеріне сыйлықтар мен тәтті сусындар таратты.
Қарлығаш
         ОСПАНОВА
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓