Оқу-жаттығу сәтті өтті

"Қостанай-Қарасу" автожолы бойындағы Большая Чураковка поселкесі маңында осылай жоспарланған арнайы тактикалық оқу жаттығулары өтті. Қостанай облысының ТЖД кезекті жоспары бойынша қар тазартатын арнайы техника арқылы оқиға болған жерге жол-патруль машинасының экипажы да дер кезінде жетті. Өрт сөндірушілер көлікті сөндіруге кірісті. Бұл оқу жаттығуға "Щербаково" трассалық медициналық-құтқару пунктінің жұмысшылары алғаш рет қатыстырылып отыр.
Қостанай облысының ТЖД бастығы Талғат Кәкімов төтенше жағдайлар қызметкерлері кез келген төтенше оқиғаға дайын болу керектігін айтады. Сондықтан осындай оқу жаттығу жұмыстары жүйелі түрде өтіп тұрады. Ал мекеме басшысы бұл жолғы оқу жаттығуға жоғары баға берді.
Суретте: Оқу-жаттығу жүргізу сәті.