Театр әртістері киноға түсуде

Арқалық қазақ жасөспірімдер театрының әртістері Жиембет жырау жайлы деректі фильмге түсті.
 Жиембет Бартоғашұлы (1570 -1575) жылдар шамасында туып, 1643 жылы дүниеден қайтқан. Ол қазақтың аса талантты жырауы, биі, әрі жеңімпаз батыры болған. Жастайынан игі жақсылардың жанында жүріп, ел билігіне араласады. Есейе келе Есім ханның беделді биі, әрі батыры дәрежесіне көтеріледі. Ханның жауынгер жасағын басқарып, жеңімпаз қолбасшысы атанған.
– Жазушы Табыл Құлиястың "Жиембет батыр" роман-эссесі бойынша іске кірістік. Фильм осы өңірдегі  тарихи мекендердің бірі "Екідің" жерінде түсірілді. Әртістеріміз хандар мен билердің, батырлардың ролдерін жоғары деңгейде сомдап, елордамыз Астана қаласынан келген "Қазақстан-1" ұлттық телеарнасының түсірілім тобының көңілінен шықты, – дейді театрдың бас режиссеры Ғазез Арынұлы.
Өнерді жанына серік еткен театр әртістері жақында осындай ұсыныспен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған және бір деректі фильмге түсуге қам жасауда.
Мұрат
      ЖҮНІСҰЛЫ
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓