Өрт кісі өмірін жалмады

Қостанай ауданында апта ішінде 4 өрт оқиғасы тіркелді. Олардың бірі қайғылы жағдаймен аяқталды. Нақтылағанда, Нечаев ауылында жер үйді жалмаған жалын жұрттың жағасын ұстатты. Тілсіз жаудың өршігендігі соншалық, өрт сөндірушілерге ырық бермей қойған. Нәтижесінде үй онында үйінді күл ғана қалды. Алайда ең қайғылысы – сол өрттің ішінен бір адамның шыға алмай қалғандығы. Бүгін апаттың пайда болу себебі мен кісі қазасы жөніндегі мәліметтер іздестіріліп жатыр.Пожарррр
Өрт сөндіру қызметкерлері былтыр да нақ осындай мерзімде төрт бірдей оқиға болғанын айтады. Бірақ ол жолы, абырой болғанда, ешбірі биылғыдай қайғылы жағдайға соқтырмаған. Аталған қаралы жайттан соң төтенше жағдайлар бөлімінің қызметшілері аудан тұрғындарына тағы бір мәрте құлақтандыру жария етті. "Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу әкімшілік жазаға (айыппұл, еркерту) әкеліп қана қоймай, жеке мүліктер мен өзінің және туысқандарының өміріне қатер төндіретіндігін ескерсе екен",- деген өтініш айтады олар. 
 
Жандос Жүсіпбек

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓