Жер екен Меңдіқара жанға жайлы…
Ауданда 21 қарашада "Қостанай таңы" газетінің күндері өтеді

Аудан әкімі Серікжан Жақаев
Облысымыздың солтүстігінде орналасқан Меңдіқара табиғаты керім аудандардың бірі. Орман алқаптары мен су ресурстарына бай өлке пайдалы қазба байлықтарынан да кенде емес. Мұндағы халық егін егуді негізгі күнкөріс көзіне айналдырған. Көктем шыға жерге дән сеуіп, күзде орақ науқанына кіріседі. Көпшіліктің негізгі кәсібіне айналған ауыл шаруашылығы саласының дамуы туралы аудан әкімі Серікжан Жақаев айтып берген болатын.
– Серікжан Әнуарбекұлы, аудандағы биылғы орақ науқанының жай-күйі қалай?
– Ауданда ауыл шаруашылығы саласы ерекше дамыған. Халықтың негізгі күнкөрісі осы саламен тығыз байланысты. Жыл сайын ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемі артып, ауыл шаруа-шылығы техникасы үдемелі жаңартылуда. Мұның бәрі дәнді дақылдардың жаппай өндірісіне оң әсерін тигізуде. Биылғы орақ науқанына келсек, жағдай тұрақты. 17 қарашадағы мәліметтерге сай, ауданда 175,8 мың гектар дәнді дақыл орылды. Орташа есеппен алғанда, әр гектарынан 13,5 центнер өнім алдық. Майлы дақылдардың 2,6 мың гектары орылды. Сондай-ақ 4,3 мың тонна картоп жиналды.
– Мал шаруашылығы саласына да тоқталсаңыз.
– Биылғы жылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша, аудандағы ет өндірісі 4,7 мың тоннаны, сүт өндірісі 23,1 мың тоннаны құрады. Мал шаруашылығын дамытуда "Сыбаға" бағдарламасы шаруалар үшін үлкен қолдау болып отыр. Аталмыш бағдарлама бойынша биыл 1343 ірі қара сатып алынды. Жыл басынан бері 16,052 тонна ет экспортталды.
– Тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесі қалай шешілуде? Әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандар…
– Еліміздегі әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі – халықты жұмыспен қамту. Бұл бағытта жасалып жатқан шаралар оң нәтиже беруде. Қазіргі күні жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жұмыссыздардың саны 36 адам. Аудандағы жұмыссыздық мәселесі "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы бойынша шешімін табуда. Аталмыш бағдарлама арқылы өзінің кәсібін бастауға ниетті азаматтарға жалпы құны 105 млн. теңге болатын 35 шағын несие беру жоспарлан-ған. Он адам арнайы кәсіби оқыту курстарынан өтті.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ерекше қолдау керектігін айтып келеді. Соның ішінде мүгедектерді жұмыспен қамту кезек күттірмейтін мәселе. Биыл ауданда 12 мүгедек жұмыспен қамтылды. Соның ішінде бір мүмкіндігі шектеулі азамат шағын несие алды, біреуі газ-электр дәнекершісі мамандығы бойынша курстан өтті. Сондай-ақ алты азамат тұрақты жұмыс орнына, екеуі жастар тәжірибесі бойынша және екеуі әлеуметтік жұмысқа тартылды.
– Әңгімеңізге рахмет!
Мектеп жаңарды

Тоқаш пісіріп табыс табуда
-300x200.jpg)
Қасиет Байғужинаның бизнесті бастауына егіз ұлы Нұрлан мен Руслан себепші болған. Нұрланы экономикалық тұрғыда, ал Русланы заң тұрғысынан кеңесін беріпті. Осылайша балалары және жолдасы Бауыржанның қолдауымен жеке кәсібін бастап кетті.
Кондитерлік цех "Смак" деп аталады. Онда тәтті тағамның алуан түрі дайындалады. Көңіліңіз қалаған тоқаш пен тортқа тапсырыс беруге де болады.
–1981 жылы Қарағанды кооперативтік техникумын бітірген соң ауданда жұмыс істедім. Сол ұзақ жылғы еңбекті кондитерлікке ауыстырып отырмын. Жеке бизнесті бастауыма отбасым көмек берді. Жолдасым асүйді жабдықтап, керекті жабдықтардың бәрін орнатты. Кондитерлік цех санитарлық талаптарға сай, техникалық ақаулар жоқ,– деді жеке кәсіпкер Қасиет Байғужина.
Меңдіқараның тұрғындары той-домалақ жасай қалса Қасиеттің тәттілеріне тапсырыс береді. Соның бәрін Қасиет Байғужина өзі дайындап, пісіреді. Себебі, цехта жалғыз өзі жұмыс істейді. Алдағы уақытта кәсібін кеңейтіп, қосымша кондитерлерді жұмысқа алғысы келеді.
Алтын алқалы Ана

Қаладан келген дәрігер

Кейіпкеріміз Жітіқара қаласындағы он бір жылдық мектепті бітірген. Мамандық таңдауда әкесінің ақыл-кеңесі зор. Ол ата-анасының айтуымен дәрігерлік жолға түседі. Осылайша Астана қаласындағы медицина университетіне жол тартқан. Жеті жылдық оқуда медицина саласының қыр-сырын меңгерді. Оқуын бітірген соң екі жылдай Жітіқара қаласында еңбек етті. Биылдан бастап Мең-діқара ауданында жұмыс істеп жатыр. Аудан халқы қаладан келген дәрігерді ерекше ілтипатпен қарсы алды. Шипажайдағы С.Сильченко, Г.Фуртиковалар, медбикелер Г.Дүйсенбаева, М.Ахметова, Г.Сеитова, Т.Азаровалар бастаған тәжірибелі жандар жас маманның білмегенін үйретіп, әрқашан қол ұшын беріп отырады.
– Мұнда "Дипломмен – ауылға!" бағдарламасы арқылы келдім. Қазіргі уақытта тұрғын үй және көтерме ақы алуға құжат жинап жатырмын. Тұрғын үй мәселесі шешімін тапса Меңдіқарада қалғым келеді, – деді жас маман Ринат Жиеқұлов.
Қымбат ДОСЖАНОВА