Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

IMG_0760Қостанай облысы бойынша кедендік бақылау департаментінде кеден қызметкерлері сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен кездесу болды. Отырыста кедендік кіріс басқармасы ұсынатын мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарын және тәртібін талқылады.
Департамент қызметкерлері кедендік кіріс басқармасының құзыретіне кіретін жекелеген мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндірулерді берді. Отырыс барысында жалпы ережелер, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі, лауазымды тұлғалардың шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі қаралды.
Сондай-ақ сыртқы сауда экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарларды сыныптау мәселесі қаралды. Соның ішінде қосымша құн салығын төлеу бойынша босату немесе есепке алуды ұсыну үшін кеден одағына мүше – мемлекеттер аумағынан әкелінетін, тауарлардың коды бойынша қорытындыларды беру жөні де сөз болды.
Қорытындыларды беру үшін кеден органына жазбаша өтінішпен бірге тауардың толық коммерциялық атауы туралы ақпаратты, оның толық сипаттамасын және тауарды бір мәнде сыныптауға мүмкіндік беретін өзге де ақпаратты, қажет болған жағдайда өнімнің фотоларын, суреттерін, сызбаларын, төлқұжатын ұсыну қажет.
Отырысқа қатысушылар кездесудің пайдалы болғаны туралы пікірлерін білдірді, сондай-ақ салық департаментінің өкілдерімен бірлескен отырысты өткізуді ұсынды.
Айтолқын
        АЙҚАДАМОВА
Суретте: басқосу барысында.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓