«Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асырудың нақты нәтижелері

2019 жылы Қазақстанда бірыңғай энергия жүйесі құрылады. Бұл туралы бүгін «Инфрақұрылым: экономиканың орнықты өсімінің драйвері» тақырыбындағы VIII Астана экономикалық форумының жалпы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.20150522112804
«Біз астанамыздан шұғыла қағидаты бойынша өңірлерге тарайтын автомобиль жолдары желісін, темір жолдар, көпірлер, электр желілерін, мектептер, ауруханалар, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы нысандарын және өте көп тұрғын үйлер саламыз. Олар ең алдымен жастарға арналады әрі қолжетімді болады. Мемлекет пайыздық ставкасын субсидиялайды», – деді Елбасы.
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынатын автожолдардың көлік коммуникациялары үш жылдың ішінде салынбақ.  
«Бұл елдің барлық өңірлерінің теңгерімді дамуына қол жеткізуге мүмкіндік береді, экономикалық дамуда, сонымен бірге әлеуметтік-демографиялық ахуалда теңсіздікті төмендетеді. «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру бірқатар көрнекті нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. 2019 жылға дейін көрші елдерге шығу мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, ірі қалалар арасындағы жолға кететін уақыт үштен бір есеге қысқарады. Электр энергиясына қажеттілікті толықтай қамтамасыз ететін бірыңғай энергия жүйесі қалыптастырылады. Бұл түрлі өңірлердегі экономикалық өсімдерді теңестіруге мүмкіндік береді. Бұған қоса, бағдарлама жарты миллионнан астам жұмыс орнын құрады. Бұл біз үшін аз емес», – деді ҚР Президенті.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓