Өнер – өмір мәні

онер - омир маниМен сіздерге өзімнің отбасым жайында сыр шерткім келеді. Себебі, отбасымыздың тірегі – асқар таудай әкем Мырзағазы Хасенұлы күйші-домбырашы, тіпті басқа да аспаптарда еркін ойнайды десем, артық айтқаным емес. Анам Айгүл Мұхтарқызы мектепте жантану пәнінен сабақ береді. Он саусағынан бал там-ған шебер, күміс көмей әнші. Осындай ортада тәрбиеленген мен де өнерден құр алақан емеспін. Оқу озатымын, оның үстіне ән айтып, би билегенді ұнатамын. Біздің отбасымыз қалалық  және облыстық бай-қауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.  Ата-анам кезінде Мәскеудің 850 жылдық мерейтойына қатысып, дипломант атанып келген. Сондай-ақ  "Таза бұлақ" облыстық байқауында жүлдегер атансақ, жақында өткен "Мерейлі отбасы" қалалық байқауында "Өнерлі отбасы" номинациясына ие болдық. Өзім де "Аққу қыз – Қыран жігіт" қалалық байқауына қатысып, бас жүлдені иелендім. "Дала әуендері" байқауында 1-орынды қанжығаға байлағанымды мақтанышпен айта аламын. Әлі де жететін биіктерім, алатын асуларым алда. Бірақ оның бәрін аялап отырған ата-анаммен бірге, олардың қолдауымен  қол жеткізетініме  сенемін.
Анора МЫРЗАҒАЗЫҚЫЗЫ,
Лисаков қалалық №3 қазақ орта мектебінің оқушысы.
Лисаков қаласы.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓