Жаңғырту жалғаса бермек
Лисаков. Қала мәслихатында «Ақылды қала» және қалалық темір жол бекетін ашуды бекіту жобаларын жүзеге асыру жөнінде тұрақты комиссия отырысы өтті. Депутат Н.Қоңқабаев «Ақылды қала» жобасы бойынша жоғары талаптарды сақтаған мектептер, барлық сұраныстарға жауап беретін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және инновациялық технологияларды қолдану арқылы салауатты өмірді арттыру бағыттарын атап берді.