Бейнебайқау жариялаймыз!

Құрметті оқырман! «Қостанай таңы» газеті Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Армысың, әз-Наурыз!» атты бейнебайқау жариялайды. Үздік бейнежазба иелеріне сыйлықтарымыз бар.
            Байқау шарттары:
– Бейнебайқауға облыс көлеміндегі мекеме-ұйымдар қатыса алады;
– Байқауға қатысушылардың жасы 14-тен жоғары болуы тиіс;
– Байқауға ұжымдық бейнеқұттықтаулар қабылданады. Ұлт мейрамының лебін сездіретін көрініс, қойылым түріндегі видеолар түсірілсе, нұр үстіне нұр;
– Бейнежазбаның сапасына мән беріледі. Оны арнайы комиссия сыннан өткізеді;
– Талапқа сай келмейтін бейнематериалдар қабылданбайды;
– Жүлдегерлер үш орын (І, ІІ, ІІІ) бойынша анықталады;
– Әр қатысушы ұжым өздері туралы деректер жіберуі тиіс (мекеме-ұйым, кәсіпорын атауы, мекенжайы, байланыс нөмірлері).
            Байқауға өтінім 10-20 наурыз аралығында қабылданады. Материалдарыңызды 8 771 213 72 02 нөмірі арқылы Whats App мессенджеріне жолдай аласыздар! Қатысыңыздар, жүлдегер атаныңыздар!
            Айта кетейік, байқау демеушілері – «Шаңырақ» ұлттық киімдер мен кәдесыйлар бутигі, қолөнер шебері Әлия Сатмурзина және Qazannan бренді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓