Үрпек ауылында ардагерлерге ескерткіш орнатылды
Үрпек ауылында тағы бір игі іс жалғасын тапты. 1941-1945 жылдардағы сұрапыл соғысқа қатысып, ерлікпен қаза тапқан, елге оралмаған, сондай-ақ елге аман-есен оралып, қажырлы еңбек еткен соғыс ардагерлерін мәңгі есте сақтау мақсатында ескерткіш тақта қойылды. Олардың ерлігі жастардың патриоттық рухын оятып, елге жерге деген сүйіспеншілігін артырады.

