Үш жігітті жаралап, біреуін өлтірген қылмыскер қамауға алынды

приговорБүгін Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұзақылық жасап, адам өлтірген Р.Никеровқа қатысты сот үкімі шықты. Іс алқабилердің қатысуымен қаралды. 
Айыптау хатына жүгінер болсақ, өткен жылдың қарашасында, кешке таман  ішімдікке сылқия тойып алған күдікті Арқалық қаласындағы «Рябинушка» мейрамханасында отырған төрт жігітке килігеді.  Артынша, бірінен соң бірі сыртқа шыққан жігіттерге пышақпен шабуылдайды. Салдарынан, үш жігіт түрлі дене жарақатын алады. Ал, жүрек тұсынан бірнеше рет ауыр жарақат алған төртіншісі өз-өзіне келместен  ауруханада көз жұмған.  
Бұған дейін де күдікті бұзақылығы мен қасақана денсаулыққа залал келтіргені үшін бірнеше рет жазаға тартылған екен. 
Алқабилер сотымен  27 жасар азамат қылмыстық істе кінәлі деп танылып, 13 жылға бас бостандығынан айрылды. Өз жазасын ол қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болады. 
Махаббат Бекбай

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓