Қоғамдық орында былапыт сөз айтқандарға салынатын айыппұл мөлшері өсті

Қазақстанда қоғамдық орындарда былапыт сөз айтқандарға (ұсақ бұзақылық) салынатын айыппұл төрт есе өсті. 6 наурыздан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Енді былапыт сөздер үшін айыппұл мөлшері – 69 000 теңге (бұрын 17 250 теңге болған) немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу.
Еске салайық, түзетулер алғаш ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Президент түзетулерге 2023 жылдың 3 қаңтарында қол қойған болатын.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓