Жеңісті жақындатқан Ту
Биыл Жеңістің 75 жылдығына орай ҚР Ішкі істер министрлігінің ұйытқы болуымен «Біз – Жеңістің мұрагеріміз» еске алу эстафетасы басталып кеткен еді. Оның негізгі атрибуты – 1941 жылы Алматы қаласында құрылған генерал-майор И.В.Панфиловтың әйгілі 316-шы атқыштар дивизиясының Жауынгерлік Туының көшірмесі болып табылады. Тарихтан белгілі болғандай, Мәскеу түбіндегі қиян-кескі шайқастан кейін 316-шы атқыштар дивизиясына 8-ші гвардиялық фанфиловшылар дивизиясы атағы берілді. Кеңес Одағының батыры И.В.Панфиловтың қалың қолы Берлинге дейін жетіп, жеңісті жақындатты.

Аталған шара аясында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасымен Қостанайдағы 6697 әскери бөлімінің сарбаздары Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөлімінің ұландарынан Жауынгерлік туды қабыл алды. Сарбаздар сап түзеп қарсы алған салтанатты рәсім облыс орталығындағы Жеңіс саябағында өтті.





Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ