Қостанай облысында криминогендік ахуал тұрақты

Бүгін Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков есеп беру кездесуі барысында өңірдің әр аудан-қалаларынан келіп түскен 50-ден астам сұраққа жауап берді. Бұл жол қауіпсіздігі, бағдаршамдарды орнату және құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеу жүйелері бойынша сұрақтар көп қойылды. Бұл қоғамның қауіпсіздік мәселелеріне бей-жай қарамауының көрсеткіші екенін атап өтті департамент басшысы.
Е.Омарбеков өңірдегі криминогендік жағдай туралы халықты хабардар етіп, оның тұрақты екенін айтты. Қылмыстық құқық бұзушылықтар санының тұрақты төмендеуі байқалады. Алдын алу шараларының арқасында кісі өлтіру, тонау, зорлық-зомбылық, ұрлық, мал ұрлығы мен бұзақылық азайып, қоғамдық орындарда, көшелерде қылмыс деңгейі төмендеген.
Полиция полковнигі биыл облыс орталығы аудандарының криминогенділігін талдау негізінде тұрғын үйлердің аулаларында 1000 бейнекамера орнатылатынын хабарлады.
«Сондай-ақ, облыста «Қорғау» бағдарламасы іске қосылады. Ол қазіргі уақытта республиканың 6 қаласында қолданылады. Мемлекеттік нөмірлік белгі бойынша көлік құралдарын анықтау және іздеу функциясы бар сондай-ақ, жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарын тіркеудің кең спектрі бар 60 «Сергек» автоматты бағдарламалық кешенін орнату жоспарлануда. Сонымен қатар, Алтынсарин, Федоров, Амангелді аудандарында «Автоураган» аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылады. Өткен жылы автоматты түрде тіркейтін құралдардың көмегімен міндетті сақтандыру шартын жасаспай көлік құралдарын басқарған 2500-ден астам жүргізуші анықталды. Цифрлық технологияларды енгізу жол қозғалысы мәдениетін арттыратынына сенімдімін», – деді ол.
Аймақтаа бейне-бақылау камераларының саны 30 мыңға жуықтайды.  Оның 8216-сы жедел басқару орталығы мен кезекші бөлімдерге қосылған. Камералардың көмегімен 300 қылмыс ашылды, 42 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесіліпті.
 
Қ.ҚИЫСХАН,
Суреттерді түсірген Б.КӨРКЕМБАЕВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓