Полицейлер акцияға үн қосты
Қостанай облысында жыл сайын дәстүрге айналған «Мектепке жол» акциясы басталды. Жыл сайын тәртіп сақшылары балаларға көмек көрсетіп келеді.
Ал биыл Қостанай облысы ПД қызметкерлері аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларды жинауға көмектеседі. №2 орта мектепте оқып жатқан Зарина Фаталиеваға Арқалық қаласының ПБ материалдық көмек көрсетті. Полиция қызметкерлері кеңсе, мектеп, спорттық киім, аяқ киім және қажетті керек-жарақтарды алып берді.
-Біз балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмектесуге әрқашан қуаныштымыз. Бізде қамқорлыққа алынған бірнеше отбасы бар. Мектепке жинаудан басқа балалардың қалай оқитыны қызықтырады, — деп атап өтті Арқалық қаласы ПБ бастығының орынбасары Нұрбол Марқабайұлы.
Қазіргі уақытта Арқалық полицейлері аз қамтылған екі отбасына көмек көрсетті. Амангелді аудандық бөлімінің полицейлері 6 сынып оқушысы Ердәулет Каримовке мектепке жиналуға көмектесті. Бөлім бастығының міндетін атқарушы Саян Серікұлы мектепке керек-жарақтарын ұсынды
– Ең бастысы, барлық оқушылар оқу жылын жақсы көңіл-күймен бастады, – деді С.Серікұлы.
Өңірде акция жалғасуда.