“Лексус” шұңқырға түсіп кетті

Қостанай қаласындағы 5 шағын ауданда Арыстанбеков көшесі бойында "Лексус" маркалы көлік шұңқырға құлап, ішіне жиналған суға батып кетті. Бұл жерді бірнеше күн бұрын коммуналшылар жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қазған. Тәртіп сақшыларының алдын ала болжамдары бойынша, апат жүргізушінің абайсыздығы кесірінен болған. Шопыр көліктен шығып үлгерген. Мына суретті куәгерлер "Алау" порталына жіберіпті.лексусСурет көлік жартылай батып тұрған кезінде жасалыпты, кейін темір тұлпар толығымен батып кеткен. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓