Қостанайда жоғары оқу орындарының бірі көк түтінге оранды

Бүгін А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің Тәуелсіздік даңғылы бойында орналасқан ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды Төтенше жағдайда басқармасының өкілдері. Өрт ғимаратты шарпып үлгермеген. 2 шаршы метр аумақты қамтыған тілсіз жаудың техникалық ақаудан пайда болғаны анықталды. Өрт сөндіруге алты техника мен он тоғыз адам жұмылдырылған. Арада шамамен жиырма минут өткенде қауіптің беті сейілді. Үш студент ыстан уланды. Қазіргі жағдайлары қалыпты. Оқиғаның жай-жапсары тексеріліп жатыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓