Көкейде сауалыңыз болса…

31 мамырда сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Балалар шығармашылығы үйінің ғимаратында (Қостанай қ., Алтынсарин көш., 109, бұрынғы Пионерлер сарайы) Қостанай облысы прокуратурасының бастамасымен, Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін «Ашық есік күні» акциясы өткізіледі. Акция шеңберінде «Жұмыс орындарының жәрмеңкесі» және «Қоғамдық қабылдау» ұйымдастырылады.прокуротура
Аталған іс-шара барысында Сіз өзіңізді қызықтыратын сұрақтар бойынша, соның ішінде жұмысқа орналасу мәселелері жайында кеңес ала аласыз.
Қоғамдық қабылдауда келесі мемлекеттік органдардың өкілдері болады:
облыстық Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті (мүгедектік тобын анықтау, ұзарту, өзгерту);
облыс әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы (компенсаторлық техникалық құралдарды беру және ауыстыру, жұмысқа орналастыру, оқыту, қайта оқыту);
– облыс әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы (тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі жайында түсіндіру, медициналық қалпына келтіру сұрақтары);
облыс әкімдігінің Білім беру басқармасы (мамандандырылған білім бағдарламалары бойынша оқыту);
облыс әкімдігінің Кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасы (бизнес ашу, бизнесті дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндігі);
Мемлекетті кіріс департаменті (жеңілдетілген салық салу бойынша кеңес);
облыстық Әділет департаменті (сот шешімдерінің орындалуы, алимент өндірту мәселелері);
облыстың Ішкі істер департаменті (жол жүру ережелері, халықты құжаттандыру, полицияның учаскелік инспекторларының жұмысы туралы кеңес);
облыс әкімдігінің Еңбек инспекциясы басқармасы (еңбек қатынастары, еңбек жағдайлары, жеңілдіктер);
Қостанай қ. әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (компенсаторлық техникалық құралдарды қамтамасыз ету, беру және ауыстыру, жұмысқа орналастыру, оқыту, қайта оқыту, Қостанай қ. әкімдігімен көрсетілетін әлеуметтік көмек);
Қостанай қ. әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөлімі (тұрғын үймен қамтамасыз ету тәртібі, кезек);
тағы басқа органдар.
 
Анықтама үшін телефондар: 54 57 34, 54 94 95
Электронды пошта   7142156@prokuror.kz
 
Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓