БҰҰ моделі конференциясына NIS мектептері қатысты

16-18 ақпан аралығында Қостанай NIS оқушылары Доха қаласындағы (Катар) Джорджтаун университетінің (АҚШ) бастамасымен өткізілген XVIII жыл сайынғы БҰҰ моделі конференциясына қатысты.
Катар мемлекетінің Джорджтаун университеті халықаралық дипломатия саласында және одан тыс жерлерде жоғары сапалы дебаттар мен мазмұнды келіссөздер жүргізуге жан-жақты жағдай жасауды жылдан-жылға арттырып келеді.
Биылғы конференцияға Катар мемлекетінен 288 делегат, сонымен қатар 147 халықаралық делегат және 25 тәуелсіз делегат қатысты. 18 халықаралық мектепке біздің еліміздің бес Назарбаев Зияткерлік мектебі кірді.
Конференцияның басты тақырыбы – "БҰҰ моделі: Global Security: Learningfromthe Past – Жаһандық қауіпсіздік: өткеннен сабақ". Халықаралық конференцияда Қостанай қаласының NIS жоғары сыныптарының 6 қатысушысы белгілі бір елдің ұстанымын білдіретін комитеттерге бөлінді. Олар аталған комитеттерде халықаралық саясат аренасындағы жаһандық мәселелерді талқылады.
– Катар сапары менің бойымда ағылшын тілінде жаңа қарым-қатынас дағдыларын ашты, өйткені әлемнің әр түкпірінен келген студенттердің сөйлеу үлгілері әр түрлі болды. Сөйлеу мәнері біз үйренгеннен өзгеше екен. Өз мәдениетінің ерекшеліктерін («сulturalnight») көрсете білген көптеген таныстар таптым. Университет студенттері өздерінің жеке оқу тәжірибесімен бөлісті, ол маған университеттерге түсуіме зор мотивация берді, – дейді Равиль Қасымов.
– Бұл сапар менің ішкі дүниеме, ойлау қабілетіме төңкеріс жасады. Ол менің ашылуыма көмектесті, жаңа мүмкіндіктер ашып берді. Мен БҰҰ моделі бойынша құнды тәжірибені ғана алып қоймай, сонымен қатар әлемнің түкпір-түкпірінен келген достарымды таптым. Конференцияның өзi әлемде бiздiң iс-әрекеттерiмiздi қажет ететiн шешiлмей жатқан қанша мәселе бар екенiн көрсеттi, – дейді Аяна Салимбаева.
– Катар сапары ішкі әлемімді, шетел мәдениетін білуіме оң әсерін тигізді. Біздің әрқайсымыз әлемнің түкпір-түкпірінен келген көптеген жаспен таныстық, олар әлемдегі қазіргі саяси жағдай туралы ақпарат беру шеберлігімен таң қалдырды. Өзімізді бір елдің өкілі ретінде сынап көрдік, шешендік өнерде ғана емес, тәжірибе жинақтадық. Сондай-ақ маңызды шешімдерді тез арада бірден қабылдау қабілеттілік тәжірибесін жинадық, – дейді Диляра Досанова.
– Бұл сапар шетелдік оқу орнына түсуге идеясының дамуына ықпал етіп, маған үлкен мотивация берді. Маған коммуникативті дағдыларды дамытуға көмектесті. Мәдениет алмасу мен үшін ең қызықты болды,  өйткені бұл әлемде біз білмейтін көп нәрсе бар және біздің білімімізді кеңейту керек деп ойлаймын. Шетелдердегі университеттерді аралау менің басты мақсатым болды. Енді мен қай оқу орнына түсетінімді тапқандаймын. Осындай саяхаттар жиі өткізіліп, біздің мектеп оларға белсене қатысады деп сенемін, себебі бұл оқушылар үшін маңызды, – дейді Томирис Айжарыкова.
Осы сапарда жастарға жетекшілік еткен, кәсіби бағдар беру консультанты Ләззат Қалақованың айтуынша, БҰҰ моделі сияқты халықаралық конференцияларға қатысу оқушыларға халықаралық тәжірибе жинақтауға, түрлі елден келген делегациялармен жаһандық тақырыптарды талқылауға, ой-өрістерін кеңейтуге, портфолиосын толықтыруға мүмкіндік береді. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓