Өрттен зардап шеккен әулиекөлдіктерге тағы 1 млн теңгеден төленді

Бұған дейін өрттен соң салынған "Бірлік" ауданының тұрғындары коммуналдық шығындарды өтейтін және аулаға нысандар салуға ақша қалмағанын айтып шағымданған еді. Осыдан кейін «Қайырымдылық KZ» қорынан оларға тағы да 1 млн теңгеден төленді, деп хабарлайды Orda.kz.
Ауылдықтар қор жетекшілерінен өздерін көктемге дейін қолдауды сұраған болатын. Күн жылысымен жұмыс тауып, өз күндерін өздері көруге уәде берді.
"152 адам 1 млн теңгеден алды. Қаражатқа шығынарын өтеуге ертерек өтініш жазған тұрғындар ие болды. Тағы 27 адамның өтініші қаралып жатыр", – деді қор өкілі Гүлмира Қапенова.
Айта кетейік, Аманқарағай ауылының бұрынғы тұрғындары алапат орман өртінен зардап шегіп, оларға жаңа үйдің кілті табыс етілген еді. Таяуда олар қосымша қаржылай көмек сұрады. Бұған дейін берілген қаражат түгесіліп, көк тиынсыз отырғандарын айтқан.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓