Қостанайлық үш мұғалім халықаралық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды
3-5 ақпан аралығында математика, физика және информатика пәндерінен олимпиадалық резервінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының арасында «IMPACT Olimpiad» V Халықаралық ашық шығармашылық байқауы өтті. Олимпиадаға Ресей, Татарстан, Моңғолия, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстаннан ұзын саны 250-ден астам үміткер қатысты. Қостанайдағы NIS атынан физика пәні мұғалімі СалияТүктібаева (2-орын), математика мұғалімі Станислав Козловский (3-орын) және информатика мұғалімі Борис Зеленов (3-орын) қатысып, олжалы болды.
– Олимпиадаға қатысу үшін техникалық турда дайындығы тексерілген жұмыс орнын дайындау қажет болды. 7 тапсырма ұсынылды: 4 олимпиадалық тапсырма және 3 шешілген тапсырмадан тұратын әдістемелік блок, онда қатені тауып, оның жолдарын түсіндіру шарт. Барлық әрекетті орындауға бөлінген уақыт 4 сағат. Мен оны сәл ертерек, 3 сағатта орындап шықтым. Нәтижеге көңілім толады, бұл мен үшін жақсы тәжірибе болды, – дейді физика пәнініңмұғалімі Салия.
Информатика пәнінің мұғалімі Борис Зеленовтің айтуынша, әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар жеңілден басталып, күрделілене түсіпті. Қатысушылардың көпшілігі тапсырмалардың қызықты болғанын айтқан.
– Олимпиаданың бірінші күні пәндік секциялар бойынша семинарлар өтті. Онда біз өз тәжірибемізді және пәнді оқытудағы лайфхактарды әріптестерімізбен бөлістік. 4 ақпанда олимпиаданың өзі өтті. Бұнда төрт сағаттық марафондар болып, олимпиада деңгейіндегі 10 тапсырманы шешу ұсынылды. Қатысушылар проблемаларды офлайн және онлайн режимінде прокторинг арқылы шешуге тырысты. Дайын шешімдегі қателерді тауып, түзету немесе балама шешімді көрсету қажет болды. Тапсырмалар өте қызықты, мен оларды зор қызығушылықпен қабылдадым. Жалпы олимпиада жақсы әсер қалдырды, – дейді математика пәнінің мұғалімі Станислав Козловский.