Қостанайда жеке балабақшаларға негізсіз тексерістер жүргізілген

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің Қостанай облыстық департаментіне жеке балабақшалардың өкілдері шағыммен жүгінді. Олар өздеріне мемлекеттік білім беру тапсырысы туралы келісім-шарт нормаларының заңсыз қолданылғанын айтқан.
Келісім-шарт пунктерінің қатарына заңсыз қосылған норманы алға тартып, қалалық және облыстық бөлім бөлімдері 44 жеке мектепке дейінгі ұйымдарды бақылауға алып, тексеру жүргізген. Мұның үстіне, тексерісті ұйымдастыруға кететін шығындардың бәрі ұйымдардың мойнына артылған.
 
Департамент басшылығы кәсіпкерлердің, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының және облыстық Білім басқармасы өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізді. Нәтижесінде келісім-шарт қайта қаралып, жемқорлық тәуекелдеріне жол ашатын пункт алынып тасталды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓