Облыста магистральдық газ құбырын жөндеу жұмысы жүргізіледі
ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Қостанай облысының тұрғындарымен кездесті. Жиында өңірді жылу және электр энергиясымен қамту сондай-ақ, газдандыру мәселесіне тоқталды.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтің тапсырмасына сәйкес елдімекендерді одан әрі газдандыру және өңірдің өнеркісіптік кәсіпорындарын газбен қамтамасыз ету үшін Ақтөбе облысынан Тобыл станциясына дейін магистралдық газ құбыры жүргізіледі, – деді вице-министр.

Облыс әкімінің орынбасары Ерлан Спанов жөндеу жұмыстары жүргізілетін уақытта газ өшірілетінін тілге тиек етті. Алайда, желідегі қысым есебінен халық газдан ажырамайды тек, өнеркісіптік кәсіпорындарда газ өшірілуі мүмкін деді.
Жоғарыда аталған газдандыру жұмыстары толық атқарылған жағдайда облыстың 485 мың адамы табиғи газға қол жеткізе алады.


Сералы МЫРЗАБАЙ.
Суреттерді түсірген Б.КӨРКЕМБАЕВ.