Даму Карталары даярланды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі проблемаларды шешу карталарын әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.агп1ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Атуғановтың сөзіне қарағанда, агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдауды жетілдіру, сондай-ақ 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында министрлік Ауыл шаруашылығының басым бағыттарын дамыту және агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдауды жетілдіру Карталарын әзірледі. «Агроөнеркәсіптік кешеннің басымдықты бағыттарын дамытудың 10 картасы даярланды және тағы екеуі әзірленуде. Карталардың жобалары жан-жақты салалалық қауымдастықтармен, одақтармен, аграрлық бизнеспен, ғалымдармен талқыланып, барлық мүдделі тараптардың пікірін ескере отырып, жетілдірілді»,- деп түсіндірді бірінші вице-министр.
Даму Карталары негізгі мәселелерге толыққанды талдау жүргізіле отырып жасалған және онда дамудың келесі бағыттары бойынша нақты шаралар қарастырылған.
Атап айтқанда: 
-ауыл шаруашылығы кооперациясы картасы;
-аграрлық қайта өңдеу картасы;
-АӨК-ні қарқынды техникалық қайта жарақтандыру картасы;
-тұқым шаруашылығы картасы;
-фитосанитариялық іс-шаралардың тиімділігін арттыру картасы;
-агрохимия картасы; жем-шөп өндірісі (азық теңгерімі) картасы;
-егістікті айналымға тарту картасы; шалғайдағы қой шаруашылығы картасы;
-аграрлық ғылымды түбегейлі жаңғырту картасы қамтылған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓