“Батыс” кіші станциясы пайдалануға беріледі
Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов өңірді жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етудің нақты жоспары туралы баяндады.

– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдың 1 тоқсанында еліміздің барлық ЖЭО және электр желілерінің аудиті аяқталады. Нарық субъектілерін ынталандыру үшін қуаттарды реконструкциялауға және жаңғыртуға инвестициялар бағытталатын болады, «Тарифті инвестицияларға айырбастау» жаңа бағдарламасы әзірленуде, – деді ол.
Өңірлердегі жылумен жабдықтау проблемасын шешуге бағытталған 2023 жылы жаңа заң қабылданбақ. Заң жүйесі ұзақ мерзімді жоспарларды жүзеге асыруға, орталық және жергілікті органдар арасындағы өзара қарым-қатынастарды жүйелеуге мүмкіндік береді.
Қостанай облысында 2022 жылы электр энергиясын өндіру көлемі 1,066 млрд кВтсағ құрады, нақты тұтыну 4,584 млрд кВтсағ.

Жандос Нұрмағанбетовтің айтуынша, осы жылы Қостанай қаласында «Батыс» кіші станциясын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Нәтижесінде 150 мыңнан астам тұрғын сапалы және үздіксіз электрмен қамтылатын болады. Шарт бойынша жобаның жалпы құны 7,7 млрд теңгені құрайды.
Сералы МЫРЗАБАЙ.
Суреттерді түсірген Б. КӨРКЕМБАЕВ.