Балабақшаларға негізсіз тексеріс жүргізілген 

Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызмет көрсететін жеке балабақшалардың өкілдері жүгінген.
Келісім-шарттың бір тармағына сәйкес, облыстық және қалалық білім бөлімдері өздеріне 44 жеке мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына заңсыз бақылау және тексеріс жүргізу құқықтарын бөліп алған. Сонымен қатар, тексеріс ұйымдастыруға қатысты барлық шығын жекеменшік ұйымдарға жүктелген.
Департамент «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлері мен облыстық білім беру басқармасы өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізді. Онда келісімшарт шарттары қайта қарастырылып, келісім-шарттағы сыбайлас жемқорлықтың белгісі бар аталған тармақ алынып тасталды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓