Дәрігер жұмысына көңіліңіз толмаса, қайда шағымдануға болады?
2022 жылы 24 мыңнан астам қазақстандықтан шағым түссе, оның жартысынан астамы қала тұрғындары. Азаматтар шағымының дені медициналық көмектің сапасыз көрсетілгені жөнінде. Сол себептен, олар медициналық көмектен бас тартып жатады. Көбі медициналық көмекке тұрудың кезегін ұзақ күткен. Оның үстіне дәрілік заттармен қамтамасыз ету, этика мен деонтологияның лайықты көрсетілмеуі, медицина ұйымының жүйелеріндегі ақпараттың дұрыс бермеуі жиі кездесіп жатады. Тұрғындар медициналық сақтандырудың қорына шағым берудің төрт тәсілін қолданады. Олар: телефон, сайт немесе Telegram-бот қосымшасы арқылы.
Егер сіз медициналық көмектердің сапасына риза болмасаңыз, онда 1406 нөміріне хабарласып, Qoldau 24/7 қолданбасына шағымдана аласыз. Тағы осындай шараларды медициналық сақтандыру қорының сайтында немесе @saqtandyrybot Телеграм-ботында да жасауға болады.