Жолшылар автожолдардың қысқы күтіміне қатысты кемшіліктерді анықтады
Жол активтері ұлттық сапа орталығының Қостанай облысындағы филиалы өткен жылы Қостанай өңірінің автомобиль жолдары мен магистральдарын тазалау сапасына қатысты 15 рет мониторинг жүргізген.
Мониторинг республикалық деңгейдегі барлық автомобиль жолдары қамтыды. Тексерілген бүкіл учаскеде жолдарды қысқы күтіп ұстау жұмысының кемшіліктері анықталды.
"Жол жиегінде қар үйіліп жатыр, автопавильондар тазартылмаған, тағы да өзге көзге бірден көрініп тұрған олқылықтар бар. Жағдайды бақылаған ұлттық жол активтері сапасы орталығының сарапшылары осындай тұжырым жасады. Жол учаскелеріндегі проблемалар жолаушылардың қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін. Бұл кемшіліктерді жою мерзімі әлі де бар, жұмыс тобы мердігер ұйымдардың мамандарына азаматтарға қолайлы жағдай жасау бағытында жұмысты күшейтуге және барлық кемшіліктерді мерзімінде жоюға кеңес береміз", – деді филиал директорының міндетін атқарушы Владимир Завалий.
Суреттер ЖАҰСО ҚОФ баспасөз қызметінен.