Қостанайлық командаға жаңа қақпашы қосылды

Қостанайдың "Тобыл" футбол командасы ресейлік қақпашы Иван Коноваловты қатарына қосты.
Бірнеше маусым Қазан қаласындағы "Рубин" футбол командасының негізгі құрамында ойнаған ресейлік футболшы бұған дейін Мәскеудің "Спартак" клубында тәрбиеленіп, ресейлік "Амкардың" жастар құрамында, "Торпедо-БелАЗ", Сербияның "Раднички Ниш", "Астрахан", "СКЧФ Севастополь" клубтарында өнер көрсетті. Қақпашы "Тобылға" Шотландияның "Ливингстон" клубынан ауысып келді.
А. Ғалымұлы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓