Қостанайда дәстүрге айналған “Армандастар” фестиваль-байқауы өтіп жатыр
Қостанайда "Армандастар" деп аталатын облыстық балалар шығармашылығы фестиваль-байқауы өтіп жатыр. Бірнеше жылдан бері дәстүрге айналған бұл іс-шара биыл Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналып отыр.




– Мәдениет және өнер саласының майталман мамандарынан жасақталған әділқазылар алқасы құрылды. Қойылған талаптың үдесінен шыққан үздіктер облыстық білім басқармасының грамоталары және ақшалай сыйлықтарымен марапатталады. Бас жүлде иегерлері республикалық кезеңге жолдама алады. Олар болашақта облысымыздың намысын қорғайды. Бұған дейінгі жылдары Қостанай облысының балалары республика деңгейінде жақсы өнер көрсетіп, бірнеше мәрте жүлдегер атанды. Мысалға, былтыр Жанкелдин ауданындағы өнер мектебінің театр ұжымы республика бойынша бас жүлде, хореография ұжымы үшінші орын алды. Жылдан жылға балалардың қызығушылығы артып, қатысушылардың саны көбеюде. Биылғы байқауға өңірдегі мамандандырылған ұйымдардың өнерпаздары алғаш рет қатысуда – деді психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы директорының оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Жанна Исмурзинова.


Қымбат ДОСЖАНОВА.
Суреттерді түсірген Б. АХМЕТБЕКОВ.