Домбыраның қоңыр үні
Биыл дәулескер күйші Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығы. Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы жыл сайын облыс орталығында ғана емес, өңірдің аудан, қалаларында болып, әдістемелік-практикалық қолдау көрсету мақсатында жоспарлы түрде шеберлік сағаттарын, семинарлар өткізіп тұрады. Соның бірі Лисаков қалалық мәдениет және спорт орталығында Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығы шеңберінде домбырашыларға арналған аймақтық шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатын домбырашы, орталық әдіскері Мұрат Хамитов жүргізіп, бар білгенімен бөлісті.


Айтолқын АЙҚАДАМОВА.
Лисаков қаласы.