“Парасат жолы”

Әулиекөл ауданына арнайы жұмыс сапарымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Ж.Жылқышиева, "Парасат жолы" республикалық жобасының жетекшісі Т.Сәдібек, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшылығы келді. Жұмысшы тобы Әулиекөл ауданының әкімі Е.Теменов, аудан әкімі аппаратының басшысы А.Көбеков, "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Алтынсариннің қатысуымен арнайы жиын өткізді.
Өткен айда ауданда "Парасат жолы" орталығы ашылған болатын. Орталық құрамына мемлекеттік құрылым өкіл-дері, аудандық кітапхананың белсенді оқырмандары – жазушылар, педагогтар, зейнеткерлер және аудан жастары кіреді. Орталықтың жұмысы жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. "Парасат жолы" орталығының негізгі міндеті – кітапхана мен азаматтық қоғамның педагогикалық және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен, аудан жұртшылығымен және жастармен байланыс орнату.
Республикалық жоба жетекшісі Түгел Сәдібек "Парасат жолы" кітапханалардан бастау алуы өте маңызды, өйткені барлық білім мен даналық кітаптарда екендігін атап өтті. Ол кітапхана қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағыттал ған адалдық, парасаттылық, әділдік, сондай-ақ қоғамда ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтары жүйесін ілгерілетуге ықпал ететін қызықты іс-шаралар, кездесулер өткізулеріне тілектестігін білдірді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓