Латын графикасы: 3 нұсқа таңдалды

Қазақ тілі əліпбиін латын графикасына көшіру жобасы облыста жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл туралы журналистермен өткен кездесуде облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ақпараттық технологияларды жоспарлау бөлімінің басшысы Кенжеғали Бимағанбетов мәлім етті. Спикердің айтуынша, арнайы жобаға байланысты облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының құрамы бекітілген.
IMG_1181
– Жұмыстарға 2019 жылы 20 млн теңге қаражат бөлінді. Латын графикасына негізделген қазақ тілінің жаңа емле ережелерін түсіндіру және оқыту жұмыстарына арналған 2 мыңнан астам іс-шара өткізіліп, 75 мыңға жуық адам қамтылды.  Соның ішінде 15 мың адам 2019 жылдың 13 наурызында өткен жалпыоблыстық диктантқа қатысты. Былтыр тілдерді оқыту орталықтары мен  облыстың білім беру мекемелерінің 92 оқытушысы латын негізді қазақ тілін оқытудың бапкерлерін дайындау курстарынан өтті, – деді К.Бимағамбетов.
Бүгінде қазақ тілінің ережелерін  жеделдетіп оқытудың бағдарламасы әзірленді. 2019 жылы 3,5 мыңнан астам облыс тұрғыны осы курстардан өтті. Әлеуметтік желілерде әзірленген  16 бейнесабақ орналастырылған. Биыл жетілдірілген әліпби мен емле ережелері бекітілгеннен соң жұмыс жалғасын таппақ.
– Үкіметтік емес ұйымдар 15 млн теңгенің 26 жобасын іске асырды. Арнайы жұмыс тобы 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті. Биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың облыстық жоспарына латынға көшу бойынша  4 әлеуметтік маңызы бар жоба енді. Қазір ҚР Президентінің әліпбиді жетілдіру жөніндегі тапсырмасына орай, ұсынылған 20 жобаның ішінен 3 нұсқа қарастырылуда. Жақында өңірлермен  бейнеконференц байланысы арқылы республикалық ашық талқылау өтті. Қорытындысы бойынша  ұсыныстар әзірленіп, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық -ғылыми – практикалық орталығына жолданды, – деп мәлім етті бөлім басшысы. 
Республикалық іс-шаралар жоспрарына сәйкес 28 ақпанда  Ұлттық комиссияның отырысы өтеді.  Бұл отырыста латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін  жетілдіру жұмыстары қорытындыланып, соңғы нұсқа Мемлекет басшысының бекітілуіне жіберіледі.
 
Суретті түсірген Бердіболат Көркембаев
              
 
  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓