Рудныйда тағы коммуналдық апат болды (ВИДЕО)
Бүгін кеншілер қаласында жылу магистралі жарылды. Қазіргі ахуалдың көрінісін видеоға түсіріп, оқырмандарымыз редакцияға жолдады.
"Горняк көшесінің Дзержинский-Ленин көшелері аралығындағы жылу трассасы жабылды. 24 көпқабатты үй, 59 жеке сектор, 17 нысан ыстық судан қағылды. Қазір апат орнында дәнекерлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.