Жұмыс қарқынды, жоспар ауқымды

Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов Денсаулық сақтау алқасының кеңейтілген отырысын өткізді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Отырыс барысында Денсаулық сақтау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау объектілерін материалдық-техникалық жабдықтау және жөндеу мәселелері талқыланды.
Облыстың мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінде 14 600 медицина қызметкері жұмыс істейді. Қыркүйек айында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау саласын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған медициналық инфрақұрылымды кешенді жақсартудың басым бағытын атап өтті.
Мемлекет басшысының Жолдауын орындау мақсатында, биыл денсаулық сақтау бюджеті 88,7 млрд теңге бөлінді. «Әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді медицина» ұлттық жобасы аясында облыста 25 амбулаториялық-емханалық нысан салу, ауданаралық көпсалалы мекемелерді жаңғырту және қайта құру үшін екі медициналық ұйым салу жоспарланған. Сондай-ақ, биыл денсаулық сақтау нысандарының екеуіне күрделі жөндеу жүргізу көзделген. Мәселен, Тобыл қаласындағы «Қостанай облыстық психатриялық денсаулық орталығы» қосалқы ғимаратының күрделі жөндеуі аяқталды.
Қазір «Қостанай қаласының № 2 емханасы» ғимаратына 2 жылға жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаның жалпы құны – 392,3 млн теңге. Сондай-ақ 448,3 млн теңгеге 11 ағымдық жөндеу жүргізілді.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Б.Майлин ауданы Елизаветинка ауылындағы ФАП ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын мерекелеу аясында ұлы ағартушының туған ауылында медициналық пункт салынды. Сонымен қатар Болат Өтемұратов қорының есебінен жыл аяғына дейін Әулиекөл аудандық ауруханасының базасында құны 1,1 млрд теңге болатын инсульт орталығын ашу жоспарлануда. Жақын арада медициналық жабдықтар әкелінеді.
Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға қатысты мемлекет барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын, жыл сайын денсаулық сақтау объектілеріне күрделі және ағымдағы жөндеулер жүргізуге қаражат бөлінетінін атап өткен жөн. Биыл медициналық жабдықтарды сатып алуға 3,4 млрд теңге бөлінді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓