Кешен әлеуметтік нысанға айналатын болды

Қостанай қаласы Амангелді елді мекенінде орналасқан, лауазымды тұлғаларды күтуге арналған облыс әкімдігіне қарасты кешенді балаларға арналған әлеуметтік нысанға айналдыру жұмыстары қолға алынды. Бұл Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы еді. Президент тапсырмасын орындау үшін Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиевтің төрағалығымен арнайы жұмыс тобы құрылды. Бұл топ барлық мәселені жан-жақты зерттеп-зерделей отырып, облыс әкіміне бір айдың ішінде нақты ұсыныс беретін болады. "Басты мақсат – аталған нысанды балалардың әлеуметтік қажеттілігіне бейімдеу. Қостанай облысының әкімі де қымбат жобалардан бас тартып, мемлекет қаражатын үнемдеу мәселесін үнемі көтеріп жүр. Өңір басшысы аталған кешенді әлеуметтік салаға бейімдеу туралы ойын бұған дейін де БАҚ өкілдерімен бөліскен еді. Президент тапсырмасы аясында осы шаруа жылдам атқарылып, бюджет қаражатын тиімді пайдалануға ықпалы тиетін болады", – делінеді әкімдік хабарламасында.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓