Облыста жылу желілерінің 57 пайызы тозған

Қостанай облысындағы жылумен қамту желілерінің жалпы ұзындығы – 810 шақырым. Соның 57 пайызының тозығы жеткен. Олардың көбі өңірдегі қалаларға тиесілі. Жалпы қашықтығы 727,7 км болса, соның 64 пайызы жөндеуді қажет етеді. Қалалардағы ахуалды мына кестеден аңғаруға боладыno
Қала атауы
Желі ұзындығы (км)
Тозығы жеткені (%)
1. Қостанай
241
64
2. Рудный
243
67
3. Лисаков
112
41
4.Жітіқара
78
57
5. Арқалық
34,7
87
6. Тобыл
19
66
"2022 жылдың қорытынды мәліметтері бойынша, 19 шақырым жылу желісі жөнделген. Биыл өткен жылы басталған, жалпы құны 8,6 млрд теңге болатын бес желіні жөндеу жалғасып жатыр. Осы жылы аталған жобаларды толық аяқтауға тағы 1 млрд теңге бөлінді. 2023 жылы 4 шақырым жылу желісі салынады. Қаңтарда республикалық бюджетті бөлуге арналған жиында 17,1 млрд теңгеге тоғыз жоба қолға алынатыны мәлімделген болатын. Бұларды жүзеге асыру арқылы облыста тозығы жеткен жылу желілерін 57%-дан 55% кемітуге мүмкіндік аламыз", – дейді облыстық Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Алмат Ғапбасов.
Мұның сыртында, биыл тағы 41 шақырым жылу желісін жөндеуге бағытталған 12 жоба сараптамаға жіберілмек. Оған 16,8 млрд теңге қажет және бұл тозығы жеткен желілерді 3,6% қысқартуға мүмкіндік береді.  
 
Сурет интернеттен алынды

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓