ШАҢҒЫШЫЛАР ШЕРУІ

Шаңғы маусымының түйіні – «Шаңғы шеруі-2017» мәреге жетті. Дәстүрлі фестиваль Қостанай қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шаңғы базасында өтті. Жарысқа облыс өңірлеріндегі жалпы білім беретін мектептердің өкілдері, ЖОО студенттері мен мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Жыл сайын шаңғы жолында 15 мыңнан астам спортшы өнер көрсетеді. Шеру осымен 11-ші рет өткізілді.IMG_7825
 
IMG_7827Жарыстың бірінші кезеңі ауылдарда өткізіліп, одан жеңімпаз атанғандар осы сайыстың екінші кезеңіне жолдама алған. Бұл бәсеке жалпы шаңғы спортына бей-жай қарамайтын спортсүйер қауымның бәріне де есігін айқара ашты. Соның нәтижесінде шаңғышылар жарысы бұқаралық сипат алып отыр. 
– Дәстүрлі шараның ауқымы жыл сайын кеңейе түсуде. Елбасы тапсырмасына сәйкес, 2030 жылға дейін спортпен шұғылданатын тұрғындар саны отыз пайызға жету керек. Бұл – ұлттың денсаулығы, ұрпақ саулығы. Ең бірінші міндет – халық арасында бұқаралық спортты насихаттау. Спортпен айналысуға жастарды көптеп тарту, жастардың санын көбейту қажет. Қатысушылардың үлесі жыл сайын артып келеді. Мұнда ең бастысы озу емес, спорттық шараға атсалысып, жас буынға үлгі көрсету, – деді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев.IMG_7837
Сап түзеген үлкенді-кішілі шаңғышыларға КСРО спорт шебері, шаңғы спортының ардагері Иван Гаранин ақыл-кеңестерін айтты. Кәсіпқой спортшылардан қалыспай, әуесқойлар да белсенділік танытты. Қалың топты облыс әкімінің орынбасары  Марат Жүндібаевтың өзі бастады. Бұл топ қысқа қашықтықты бағындырды.IMG_7891
 
IMG_7888
IMG_7948
IMG_7900Осыдан соң ерлер және әйелдер арасында екі бөлек ұйымдастырылған мәреде қатысушылар үш шақырым қашықтықты жүріп өтті. Дер кезінде тепе-теңдік сақтап, шұғыл бұрылыстарда шалт қимылдай білген шебер спортшылар таңдай қақтырады. Білікті мамандардың айтуынша, Әулиекөл мен Меңдіқара ауданынан келген жас спортшылар шаңғының техникалық жағын жақсы меңгерген.IMG_7912
Жарыс соңында жеңімпаздарға алғыс хаттар мен сыйлықтар тапсырылды.
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓