Қымбат БІРМАНОВА, №7 орта мектептің директоры: Елбасының ісіне қызыға қараймын!
Ел Президентінің пайымды саясатының нәтижесінде еліміз-дің кешегіден бүгіні көш ілгері. Ал оның әр жылғы халыққа Жолдауы – қазіргі күнгі бағыт-бағдарымыздың жарқын көрінісі десек болады. Әсіресе әдеттегі мерзімінен 2 ай бұрын жарияланған Елбасының "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауы елдік мәселелерге жан-жақты шолу жасап, алдағы мақсаттарымызды айқын көрсетуімен ерекшеленеді. Жолдауда Нұрсұлтан Назарбаев алдағы жылы маңызды 7 бағыт бойынша жұмысты жандандыру үшін қосымша Ұлттық қордан 500 миллиард теңге бөлінетінін хабарлады. "Нұрлы жолдың" аясында әлеуметтік сала бұл жолы да назардан тыс қалмады. Мәселен, құлағалы тұрған мектеп пен үш ауысымдық оқу проблемасын шешу үшін 70 миллиард, балабақша тапшылығын жоюға 20 миллиард, тозығы жеткен тұрғын үйлерді жөндеуге 200 миллиард, ал жалға берілетін баспана салуға 180 миллиард теңге жұмсалмақ. Осы жерде, мемлекет басшысы үй алудан үмітін үзгендерді қуантып қойды. Бұған дейінгі бағдарламалардың тек ауқатты-ларға арналғанын сынға алған Назарбаев, енді тұрғындарға алғашқы төлемсіз жалдамалы пәтер алуға мүмкіндік туатынын мәлімдеді. Яғни, мемлекет қаражатына салынған тұрғын үй делдалсыз, әрі 1-2 пайызбен ғана берілетін болады. Бұл бүгінгі қиын-қыстау кезеңге қарамастан Елбасымыздың нағыз ұлт жанашыры екенін көрсетсе керек.
Жалпы, келешек дамуымыздың кепілі болған биылғы Жолдауда қамтылған міндеттердің барлығы да құптарлық. Оны Қазақстан халқы бірауыздан қолдайды, әрі ұйымшылдықпен үн қосады деп білемін.
Рудный қаласы.