АНТ өз жұмысын бастады

Сәрсенбінің сәтінде Сарыкөл аудандық ақпараттық-насихат тобының мүшелері  өз жұмысын Севастопол ауылдық округінен бастады.
АНТ мүшелері – аудан әкімінің орынбасары Асқар Жақсыбаев пен ішкі саясат бөлімінің басшысы Елена Бауэр басқосу барысында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ағымдағы жылдың 17 қаңтарында Қазақстан халқына жолдаған "Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Жолдауында көрсетілген басым бағыттар бойынша Сарыкөл ауданында 9 айдың ішінде жасалынған жүйелі жұмыстар жайында баяндады. Сондай-ақ, Елбасының 2015 жылға арналған "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауын халыққа түсіндірді.  Жалпы, севастополдықтардың көкейінде жүрген сан салалы сауалдарға толыққанды жауап беріп, түйткілді мәселелердің мәнісін ашты. 
Айталық, бұндай келелі кездесулер алдағы уақыттарда 13 ауылдық округ пен Сарыкөл колледжі және элеваторда өтеді.
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓