Жаңа өндіріс ашылады

Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов жұмыс жоспарымен Қостанай қаласын аралады. Ол бұл туралы "Инстаграм" парақшасында жазды.Облыс әкімі іссапар барысында «ФортунаМед» ЖШС кәсіпорнында болды."Аталған кәсіпорында құны 222,579 млн теңге болатын медициналық жабдықтар мен техникалық оңалту құралдары өндірісін ашу жоспарлануда. Өндірістік қуаты жылына 14 807 бірлікті құрайды. 50 жұмыс орны құрылды, оның 45-і өндірісте. Қазіргі уақытта қаптама-қойма кешенінің құрылысы аяқталуда, сондай-ақ өндірілетін өнімді өткізу үшін рұқсат беру құжаттамасы дайындалуда", – деп жазды аймақ басшысы.Сапар қорытындысында А.Мұхамбетов тиісті мемлекеттік органдарға жобаны жүзеге асыру мақсатында барынша көмек көрсетуді тапсырды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓