Болат ҚАЛИЕВ, “Ел Ертеңі” ҚБ төрағасы Жастарға зор сенім артты

Жастар – қоғамның ең бір белсенді тобы. Ұлт көшбасшысы "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында кейінгі тол-қынды ерекше атап өтті. Мен "Жастар – біздің болашағымыздың тірегі" дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! "Нұрлы Жол", міне, біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы!" деді ел Президенті Н.Ә.Назарбаев. Бұл дегеніміз мемлекетіміздің өркендеуі жолында жастардың бар күш-жігерін аямай атсалысуы керектігін білдіреді. Себебі, келер күннің тізгінін ұстап, ата-бабаларымыздың сара жолын жалғайтын кейінгі толқын емес пе!