Үш ел шекарасынан шектеулер алынды

ҚР аумағында короновирустың таралауына жол бермеу жөніндегі веомствоаралық комиссия 11 сәуірден бастап өткізу пункттерінде РФ, Өзбекстан және Қырғызстан мемлекеттік шекарасын кесіп өту орындарында шекарадан өту шектеулерін алып тастады. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл ретте Қр Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде уақытша жабық өткізу пункттерін ашу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті Қаулысы қабылданғанға дейін Ұзынкөл ауданында орналасқан «Ақбалшық», Жітіқара ауданында орналасқан «Қондыбай» (автокөліктік) өткізу пункттері адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізуді әзірше жүзеге асырмайды.
Келешекте шектеулерді алып тастауға байланысты, Қарабалық ауданында оранласқан «Қайрақ» (автокөліктік) шекаралық бақылау бөлімінде жолаушылар легі мен жүк кезегінің ұлғаюы күтілуде. 
Осыған байланысты Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны кесіп өтуге балама қиылысу маршруттары ұсынылады:
  • Ұзынкөл ауданында орналасқан «Обаған» (автокөліктік) өткізу пункті;
  • Беймбет Майллин ауданында орналасқан «Аят» (автокөліктік) өткізу пункті;
  • Жітіқара ауданында орналасқан «Желқуар» (автокөліктік) өткізу пункті.
Көрсетілген мәліметті назарларыңызға ала отырып, шетелдік сапарлардың уақыты мен бағытын жоспарлаған кезде жоғарыдағы ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаменті, өз кезегінде барлық азаматтарды шекараны кесіп өту кезінде нормаларды қатаң сақтауларыңызды сұрайды.    

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓