Заңсыз ағаш отағанымен қоймай…

Сарыкөл ауданының "Урицкое орман шаруашылығы" мекемесіне қарасты Вишневский орманшылығының жұмысшысы Р.Увалиев былтырғы жылдың қаңтар айынан қыркүйек айы аралығында өзіне сеніп тапсырылған қызметке салғырт қарап, қызмет бабын теріс мақсатқа пайдалана отырып, заңсыз ағаш отап келген.
орман
Орманшының ұрлығы мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының орман шаруашылығы мекемелерінде кадрмен жабдықтау жұмыстарына талдау жүргізу кезінде әшкере болған. 564 текше метр ағашты отап, мемлекетке 713 мыңнан астам теңгенің шығынын келтірген қаскөй орманшының заңсыз әрекеті бойынша Сарыкөл аудандық сотының 2013 жылдың 28 қараша күнгі ҚР ҚК 176 бабы 2 тармағының "в" тармақшасы бойынша қозғалған қылмыстық іс шығынның өтелуі мен зиян шеккен тараппен татуласуына байланысты ҚР ҚК 67 бабының 4 тармағына сәйкес ақталмайтын негізбен тоқтатыл-ған екен. Алайда аталған фактілерге қарамастан, заңсыз әрекетке барған орманшы өзінің бұрынғы орнында жұмысын жалғастырып келген. Тек мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының наразылық хатынан кейін "Урицкое орман шаруашылығы" КМК басшысының бұйрығымен Вишневский орманшылығының орманшысы Р.Увалиев жұмыстан шығарылған.
Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓