Ұлағатты істің ұйтқысы

IMG_2454Қостанай облыстық мәслихаты еліміздің жергілікті уәкілетті органдары – мәслихаттардың құрылғанына 20 жылдық  мерекесін атап өтті. Жиынға облыс әкімі Нұралы Садуақасов қатысып, қалалық, аудандық депутаттарды атаулы мерекесімен құттықтап, халық қалаулыларының өңірімізге сіңірген еңбегін бағалап, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестерін әңгімелеп берді.
– Сіздердің еліміз әрі өңіріміз үшін сіңірген еңбектеріңіз зор, – деді Нұралы Садуақасов. – Осыдан 20 жыл бұрынғы мемлекетіміздің хал-ахуалын менен жақсы білесіздер. Сол уақытта алғаш тәй-тәй басқан мәслихаттардың алдында күрделі жұмыс жоспары тұрды. Нарықтық экономикаға әлі еті үйренбеген халықтың тұрмыс-тіршілігі қым-қуыт болатын. Міне, сондай тар кезеңде Сіздер қажымай, талмай күні-түні еңбек етіп, халық арасында болып, олардың тұрмыс түйткілін басты назарда ұстап, әкімшілікпен қоян-қолтық жұмыс атқардыңыздар. Бұл меніңше, нағыз ерлік дер едім.
Осылай тебірене сөз сөйлеген әкім бүгінгі мәслихаттың алғашқы іргетасын қалаған және қазіргі жағдайда жұмыс атқарып отырған жандардың пікірлерін тыңдады.
Сайлаубек Ещанов,
облыстық мәслихат хатшысы:
– Біз бүгін жергілікті уәкілетті органдардың – мәслихаттардың құрылғанына 20 жылдық мерейтойында басқосып, өткеніміз бен бүгініміз жайында сөз айтып, алқалы мәжіліс құрып отырмыз. Естеріңізде болса, 1994 жылы 7 наурыз күні Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен мәслихаттар құрылып, жаңа демократиялық дамуға қадам бастық. Партиялық институттар құрылып, қоғамдық ұйымдар ашылды. Сайлауалды жаңа бағдарламалар IMG_2421ұйымдастырылды. Жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңға түзетулер мен толықтырулар енгізілді. Экономикамызды бірқалыпты басқарудың жаңа тетіктері назарға алынды. Дамыған мемлекеттердің қатарына қосылуға бетбұрыс жасадық. Мұның бәрі өркениетке бағыт алған жас мемлекетіміз – Қазақстанның жаңа стратегиялық реформалар жасауына себеп болды. Бұған мәслихаттардың қосқан рөлі зор.
Содан соң алғашқы мәслихаттар құрылған жылдарда өңіріміздің уәкілетті органын басқарған Вера Семенова сөз сөйледі. Ол жаңа демократиялық дамуға бет бұрған Қазақстанның сол уақыттағы саяси жағдайын тілге тиек етіп, іргетасы енді ғана қалана бастаған мәслихаттардың қандай қиын шақты бастан кешкенін әңгімелеп берді.
Мәслихат депутаттары Насыр Алашбаев, Бәтима Мұқанова және басқалары да сөз сөйлеп, өз қуаныштарымен бөлісті.
…Облыстық мәслихат хатшысы Сайлаубек Ещанов мәжілісті қорытындылап, өңір басшысы Нұралы Садуақасов бірқатар азаматтарға мерекелік медаль мен алғыс хат табыстады. 
Нұрболат  
         МЕШІТБАЕВ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓